Бәйдібек көшесіндегі кептелістен өткен сайын Әйтеновты бір боқтап аламын. Сыздықбеков кеткен соң, боқтайтындар да, қарғайтындар да аз болмайын деп тұр.
Соңғы жылдары Шымкентке келген әкімдер неге жаңа дүние салудың орнына қаланың көрікті жерлерін бұзып жатыр?! Осылай деп қоғам белсендісі әрі танымал заңгер Айгүл Орынбек дабыл қақты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Құқық қорғаушының жазуынша, Шымкентке келген әкімдер жаңа дүние салмайтын болған. Керісінше, 20 жыл бұрын салынған саябақтардың быт-шытын шығарып жатқан көрінеді.
«Жаңа Қазақстанның Шымкентке келген әкімдері жаңа дүние салмайтын болды!
20 жыл бұрын салынған саябақтарды «мемлекетке қайтарып жатырмыз» деген желеумен қиратып жатыр.
Кен баба кезінде наркомандардың жиналатын ошағы болып быт-шыт болып жатқан жерінен Сапарбаев әдемі саябақ қылып шығарды.
Былтыр «фосфор сарайын» халық наркомандар жиналып жатыр деген соң, Кеңес Рақышов инвестор болып келді деп сүйіншілеген еді. Кез келген инвестор кәсіпкер жәйдан жай қалаға қаражат салмайды. Ол да өз пайдасын ойлайды. Сонда 20 жылдан соң келген әкім, кезінде Сыздықбеков дұрыс бермеген деп тартып ала ма?
Қаланың ортасындағы «Қиял әлемі» менің балалық шағымның естелігі. Алайда жиырма жылдан соң ол жер заңсыз берілген екен-міc. Сол уақытта отырған прокурор, әкім, сот, жер инспекторлары жерлерді заңсыз берген үшін бәрінің үстінен қылмыстық іс қозғалсын онда!
Соңғы жылдары Шымкентке келген әкімдер неге жаңа дүние салудың орнына, қаланың көрікті жерлерін бұзып жатыр?!
Әйтенов ипподром жерін жесткі торг арқылы сатты да кетті. Зардабы қала тұрғындары сағаттап кептелісте тұрады. Ал сол жерден үй алған халық үйге баратын жол зардабын көруде. Өткенде сол үйлерге бару үшін Наурыз алаңын бұзып жол ашпақшы болды!
Бәйдібек көшесіндегі кептелістен өткен сайын Әйтеновты бір боқтап аламын.
Сыздықбеков кеткен соң, боқтайтындар да, қарғайтындар да аз болмайын деп тұр. Ел басқарған соң, қарғыс алмай алғыс алу керек!
Мемлекетке шет елдіктерге сатылып кеткен компанияларды қайтарып жатсаңдар үндемес едім. Өз қазағыңды тепкілеп, жайнатып ұстаған саябақтарды қиратып алып жатқандарың дұрыс емес! Бұлай ештеңе қайтармай-ақ, жаңа дүние салыңдаршы сол халыққа елге жасаған жақсылықтарың болсын», – деп жазды Айгүл Орынбек желідегі парақшасында.