$ 502.47  525.83  5.68

Шіркеуде намаз оқыған мұсылман желіні жарды (ВИДЕО)

Шіркеуде намаз оқу ешқандай мәселе туғызбайды.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Ресейдің Вологда қаласындағы «Николай Чудотворец» шіркеуінде мұсылмандардың намаз оқу әрекеті қоғамда қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

URA.RU басылымының дерегінше, Ресей Федерациясы Мұсылмандары Діни Басқармасының өкілі, Мәскеу мүфтиі Ильдар Аляутдинов бұл жағдайға діни тұрғыдан еш қарсылық жоқ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, егер діни басшылар қарсы болмаса, шіркеуде намаз оқу ешқандай мәселе туғызбайды.

Дегенмен журналист Марина Ахмедова бұл әрекетті арандатушылық деп бағалап, шіркеу дінбасыларының жағдайдан таңқалғанын айтты.

«Мұсылмандар ешқашан шіркеуге құлшылық ету үшін бармаған, христиандар да мешітке кірмейді. Шіркеуде намаз оқу, мешіттегі кресттерді басып алу әрекетінің белгісі болып табылады. Өкініштісі, осындай арандатушылықтар жағдайында дұрыс мүфтидің табылмауы», – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары