$ 502.47  525.83  5.68

Астана – Ақтау бағытындағы ұшақтан өрт шықты

Бортта 182 жолаушы болған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Астана – Ақтау бағыты бойынша ұшқан FlyAryatan әуекомпаниясының ұшағы жолаушының рюкзагының өртенуіне байланысты ұшу портына қайта оралған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше оқиға 23 ақпанда болған.

"Астана – Ақтау бағыты бойынша FS 7375 рейсін орындау кезінде ұшақтың жоғарғы багаж бөлігінде жолаушының рюкзагы өртенді. Өртті авиакомпанияның борт серіктері тез сөндірді. Бортта 182 жолаушы болған. Ұшақ ұшу пунктіне оралды. Қону штаттық режимде орындалды. Жағдай туралы қосымша ақпарат барлық жағдайлар анықталғаннан кейін беріледі", – делінген хабарламада.

Кейін бұл рейс сағат 17.10-ға ауыстырылды.

“Барлық жолаушылар тегін қайта брондауға немесе ақшаны қайтаруға құқылы”, – деп мәлімдеді компания.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары