24.02.2025, 11:00

Қазақтар украиндықтардың қателігін қайталамау керек – Жанат Момынқұлов (ВИДЕО)

Ресейдің Орталық Азиядағы саясатына АҚШ-тың көзқарасы қалай болады?

«QASQA JOL» ютуб бағдарламасының бұл аптадағы қонағы шығыстанушы және халықаралық қатынастар жөніндегі маман Жанат Момынқұлов Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс, державалар арасындағы АҚШ-тың ықпалы жөнінде сөз қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Әлемдегі конфликттар бір-бірімен байланысты. Менің ойымша Америка Еуропадағы оңшылдарды қолдайтын болады. АҚШ-тағы жаңа билік елді біраз трансформацияламақ ниетте. Бұлай дейтініміз Илон Маск бастаған топ билікте біраз жыл отыруы мүмкін. Қысқаша айтқанда, белгісіздік геосаяси өмірдің белгілі бір бөлігіне айналған іспетті. Яғни болашағымызды болжай алмайтын жағдай келе жатыр. Енді Украина мен Ресейдің қазірге жағдайына ойыссақ. Неге бауырлас елдер әлі келісімге келе алмай жатыр? Өйткені Путин Украинаны мемлекет деп тұрған жоқ, бір халық деп ойлап тұр. Неге келіссөздер әлі жүрмей жатыр? Өйткені Украинаны жою бойынша Путиннің позициясы әлі өзгерген жоқ», - деді шығыстанушы маман.

Оның айтуынша, Украинаның «шапанын» Қазақстанға киюге болмайды. Өйткені ол жерде украин халқының ғасырлар бойы жинаған цивилациялық айырылу мәселесі тұр.

«Украина халқының саны 50 млн болды. Оның ішінде 12 миллионы орыс тілді яғни, орыстар болды. Украиндықтардың жасаған қатесі сол әсіре ұлтшыл, регионалды тіл мәселесін алып тастады. Әркімнің өз ақиқаты бар ғой, сол секілді украиндардың да өз шындығы бар. Бірақ дәл қазіргі жағдайда олардың шындығын кім естиді.

Енді әлемдегі геосаяси жағдайларды еске ала отырып Қазақстан қандай іс-әрекет жасауы керек деген сұрақ туындайды.  Қазіргі уақытта біз Түркиямен ынтымақтастықты күшейтуіміз керек. Түркия Таяу Шығыста нығайды, әскери жағынан мықты. Сол себепті біз Түркияға өз концепцияларымызды ұсынуымыз керек», - деп қорытындылады Жанат Момынқұлов.