$ 502.89  527.03  5.71

«Үй иесі қаза тапты»: Павлодар облысында бір шаңырақ толығымен күлге айналды

1959 жылғы туған, мүгедектігі бар азамат өз үйінде жанып кетті.

Фото: Болат Аманбаев
Фото: Болат Аманбаев

Павлодар облысындағы Михайлов ауылында жеке баспанадан өрт шығып, қызыл жалын 70 шаршы метр аумақты шарпыды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

23 ақпан күні сағат 11.28-де Железин ауданындағы елді мекендегі үйде тұрмыстық газ баллонның қоспасын жанды. Жергілікті жердегі өрт сөндіру бекетінің мамандары, яғни 4 адам мен бір техника тілсіз жауды сөндіруге кірісті. Ал өрт сөндіру бөлімінің өзі ауылдан 98 шақырым қашықтықта орналасқан. Өкінішке қарай, мамандар қызыл жалын шарпыған аумақты сөндіргенге дейін үй иесі, 1959 жылғы туған, мүгедектігі бар азамат өз үйінде жанып кетті. Ал өрттің өзі 14.00-де ғана толығымен сөндірілді. 

Железин ауданы әкімінің орынбасары Райхан Усинаның айтуынша, өрттен қаза тапқан мүгедектігі бар адам жарымен және немересімен тұрған. Олар еш зардап шеккен жоқ. Әкімдік отбасы мүшелеріне уақытша баспана ұсынды. 

"Өрт газ баллонын дұрыс қолданбау салдарынан шыққан. Қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары ауданда тұрақты түрде жүргізіледі. Аталған отбасыға ауылдық әкімдік өкілдері мен басқа да мүдделі қызметтер 2024 жылдың 12 қарашасында, 2024 жылдың 13 желтоқсанында және 2025 жылдың 23 қаңтарында барған", - деп түсіндірді Райхан Усина. 

Ал жергілікті төтенше жағдайлар жөніндегі департамент өкілдері газ баллонды пайдалануда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет екенін тағы бір мәрте еске салды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары