$ 502.89  527.03  5.71

Шыңғыс ханды қолдамаймын, тұлға деп қабылдамаймын – Ахметбек Нұрсила

Үндемей, әлеуметтік желіде батырсынбай, айғайламай отырғандар келер, жалаң айғайшылар бас сауғалап қашар!?

Фото: facebook.com/akhmetbeknursila1
Фото: facebook.com/akhmetbeknursila1

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила әйгілі Шыңғыс хан туралы әңгіме өрбітті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазба жариялады.

«Сау ақыл «Здравый смысл» «Прагматизм» деген түсінік бар ғой. Путин мен Трампты қолдайсың ба? Олардың істеп жатқаны дұрыс дейсің бе? Жоқ, әрине.

Соғысты, кісі өлтіруді қолдамаймын, сондықтан Шыңғыс ханды да қолдамаймын, тұлға деп қабылдамаймын.

Менің жақсы/жек көргенімнен оларға да, сізге де келіп кетер ештеме жоқ. Тек өмір деген арпалыс, адамзат қоғам болып қалыптасқаннан бері бір күн тыныштық болған емес, күшті елдер әлсіз елдерді жаулап, қырып-жойып келе жатыр. Сол жалғасуда, эмоцияны жиып қойып, бәріне сау ақылмен қарау керек, елімізді, ұрпағымызды қалай аман-есен сақтап қаламыз, соны ойлау керек.

«Өйту керек, бүйту керек» деп отырғандарға ертең «Қару таратамыз, кел, автомат ұста» десе келе қояды деп ойлайсыз ба? Үндемей, әлеуметтік желіде батырсынбай, айғайламай отырғандар келер, жалаң айғайшылар бас сауғалап қашар!?», — деп жазды кәсіпкер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары