$ 498.69  522.23  5.79

Кәрім Мәсімовтің 1,8 млрд теңге тұратын зәулім сарайын ешкім сатып алмаған

ҰҚК-ның бұрынғы төрағасының үйі сатылымға шығарылғаны бұған дейін хабарланған еді. 

Фото: ҰҚК
Фото: ҰҚК

Аталған үйдің бірінші сатылымында өтпеуіне ешқандай қатысушының тіркелмеуі себеп болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Осылайша, Кәрім Мәсімовтің үйі сауда-саттықтың бірінші сатылымында өз иесін таппады. Оған электрондық сауда алаңының сайтындағы деректер дәлел. 

– Аукцион басталған сәтте сату объектісі бойынша аукцион залында бірде-бір қатысушы тіркелмеген. Аукцион залында бірде-бір қатысушы бастапқы бағаны растамаған, – деп жарияланған хабарламада.

Еске салайық, ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қамауға алынған-ды. Оның бас бостандығы 18 жылға шектелді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары