$ 501.28  526.19  5.86

Қостанай тұрғыны тұздалған қияр жеп ажал құшты

Тұздалған қияр банкісі Түркістан облысынан әкелінген болуы мүмкін. 

Фото: pinterest.com
Фото: pinterest.com

Мамандар өңірде мұндай оқиғаның соңғы 15 жылда кездеспегеннін айтады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қостанай облысында үш тұрғын үй жағдайында дайындалған тұздалған қиярды тұтынған соң ауруханаға түскен. Оларға ботулизм диагнозы қойылған. Зардап шеккендердің бірі қайтыс болғаны жайлы ақпарат бар. 

Тұздалған қиярдан дәм татқандар Рудный қалалық ауруханасына жатқызылған. Лабораториялық зерттеу олардың ағзасында жүйке жүйесін зақымдайтын қауіпті у – ботулотоксин бар екенін растап отыр. 

Қостанай облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Зауре Елшібаеваның сөзінше, бұл оқиға соңғы 15 жылда өңірде алғаш рет тіркеліп отыр. 

– Ботулизм дұрыс дайындалмаған және сақталмаған консервіленген өнімдерді қолданған кезде дамиды. Көбіне бұл – саңырауқұлақтар, бұршақ дақылдары, шпинат, сондай-ақ тұздалған және кептірілген балық пен ет өнімдері, – деді ол. 

Мамандардың сөзінше, уланудың көзі – Түркістан облысынан әкелінген тұздалған қияр банкісі. Сондықтан да, Қостанай облысы тұрғындарында ботулизмнің таралу қаупі жоқ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары