$ 498.69  522.23  5.79

Семейде оқушыны аяусыз ұрып-соққан жеткіншектердің әке-шешесі ата-ана құқығынан айырылды

Аталған оқиғаға қатысты тергеу басталды.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Семейде қатарластарын аяусыз соққыға шыққан жасөспірімдерге қатысты комиссия шешім шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Семейде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтіп, жасөспірімдердің қатарластырын ұрып-соғу оқиғасы қаралды.

Отырыс нәтижесі бойынша оқиға қатысушылардың барлығын оқшаулау және психологтармен жұмыс істеу үшін девиантты мінез-құлықтары бар балаларға арналған арнайы мектепке жіберу туралы шешім қабылданды.

"Комиссия үш ата-анаға қатысты ата-ана құқығынан айыру туралы ұсыныс жасады, сондай-ақ бір қамқоршыға қатысты екі баланы қамқорлықтан айыруды ұсынды. Барлық материалдар сотқа жіберілді, сотта соңғы шешім қабылданады. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот жасөспірімдердің арнайы мекемеде болу мерзімін анықтап, ата-ана құқығынан айыру туралы соңғы шешім шығарады", – делінген полиция хабарламасында. 

Абай облыстық полиция департаменті жасөспірімдердің әрекетіне қатысты тергеу басталғанын атап өтті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 22
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары