$ 498.69  522.23  5.79

Көкшетауда жүкті әйел қайтыс болды

Қаңтарда ол ауруханаға жатқызылды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Көкшетаудағы туберкулезге қарсы диспансерде Степногорск қаласының 24 жастағы тұрғыны көз жұмды, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әйел жүктілігінің бес айында туберкулезбен ауырғанымен, ұзақ уақыт тексерілмеген. Қаңтарда ол ауруханаға жатқызылды. Бірақ туыстары келген соң емделуден бас тартып, қолхат жазып үйіне кеткен.

Екі күннен кейін науқас ауыр халде оралды, бірақ оны құтқару мүмкін болмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары