26.02.2025, 11:00

Алматыда жарты жыл бұрын жоғалып кеткен қыз бен жігіт табылды

Фото: instagram/volontery_almaty_lider.kz

Осы уақыт ішінде жастар қайда болғаны нақтыланбаған.

Былтыр күзде Алматыда жоғалып кеткен қыз бен жігіт аман-есен табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

2007 жылы туған Лағыл Бұланбаева мен 2002 жылы туған Айбек Базарбаев 2024 жылы 24 қыркүйекте жоғалып кеткен. Таңғы сағат 6-да жігіт пен қыз Еңбекшіқазақ ауданы, Кировец ауылы, 14-жол көшесі, 1-үй мекенжайынан бірге шығып кеткен.

Еріктілердің мәліметінше, жоғалғандар 21 ақпанда табылған. Осы уақыт ішінде жастар қайда болғаны нақтыланбаған.