$ 501.28  526.19  5.86

«Ең өкініштісі - зал лық толы»: Өліктерді зорлаған қырғыз фильмі көрерменнің ашуын тудыруда (ВИДЕО)

Журналист Ақбөпе Тәңірбергеннің айтуынша, бұл Қырғызстанда болған оқиға болғанымен, біздің елде мақтанып көрсететін нәрсе емес. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Жақында қырғыз режиссері Айбек Бектемировтың триллер жанрындағы «46 түн» фильмі отандық прокатқа шықты. Алайда, фильм көрермен тарапынан қызу талқыға түсті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фильм сюжеті 90-жылдары Қырғызстанда болған жан түршігерлік оқиғаға негізделген. Онда бейіттерді аршып алып, әйелдердің мәйітіне зорлық жасаған некрофил Михаил Лукьяновтың оқиғасы баяндалады.Тергеу 35 қылмысты дәлелдеді, бірақ некрофилдің айтуынша, ол 46 қылмыс жасаған. 28 жыл бойы бүкіл ел тұрғындарының жүрегіне үрей тудырып келген.

Көрерменнің талқысына түскені – фильмнің қазақша дыбысталып, отандық аудиторияға арнайы бейімделгені.

Журналист Ақбөпе Тәңірбергеннің айтуынша, бұл Қырғызстанда болған оқиға болғанымен, біздің елде мақтанып көрсететін нәрсе емес. 

«Онда біз де қалмай, адам жегіш каннибал Николайымыз туралы кино түсіріп көрсетейік үлкен эраннан. Құдай сақтасын. Ютубта бұлар туралы деректі фильмдер қаптап тұр. Көрем деген адам болса. Қазір дені сау емес, психологиялық ауытқуы бар адам көп. Онсыз да неше түрлі қылмыс жасалып жатыр. Мына фильм арқылы авторлар нені көздейді? Біздің нарыққа қалай кірді? Қазақша сөйлеп жүргендей керемет дыбыстапты. Тұп-тура қазақтілді аудиторияға бағытталған екен. Көрсетілетін уақыты да кешке. Ең өкініштісі - зал лық толы. Қоғамға осындай психологияны зорлайтын, жабайы, тұрпайы, қаны ағып жататын, ұятсыз, тәрбиесіз дүниелер ұнайтын болып тұр», - деп жазды ол.

Журналистің постына жазылған пікірлерден көрерменнің фильмнің сюжетіне және елімізде көрсетілуіне қарсы екенін байқауға болады. 

«Қырғыздар «Рэкетир 3»-ті қауіпті фильм ретінде алдырып тастады ал біз психологиялық ауытқуы бар адам туралы ақылға сыймайтын қырғыз фильмін көрсетіп отырмыз ба?», «Мың жерден өнер болса да, рухани азғындықты паш ететін осындай фильмнің текке қажеті жоқ», «Касса үшін небір масқараны көрсететін болды ғой», «Жаманшылықты таратпайтын еді, бұл елден ес кетті ғой әбден!», «Рас-ау! Кино түсіруге тақырып таба алмағандай. Қазақтың да, қырғыздың да қатпар-қатпар шерлі тарихы жетіп артылады ғой, қанша кино түсірсе де! Дүние танымымызға жат азғындықты көрсетудің не қажеті бар?!», деп жазып жатыр халық.

Айта кетейік, Қазақстанда бұл фильмге барып жатқандардың саны аз емес, соңғы екі аптада фильм прокаттан 120 млн теңге табыс тапқан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#фильм #қырғыз