8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға – 36 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК (9830 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілетін болады.
Астанада 8 наурыз мерекесіне орай 36 мың әйел адамға біржолғы әлеуметтік төлем беріледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, елордада 36 мыңға жуық көпбалалы отбасылар, көпбалалы аналар, оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған аналар біржолғы әлеуметтік төлем алады.
Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII қаулысымен бекітілген елорда бойынша әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлемелерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға – 36 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК (9830 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілетін болады.
Төлем көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әлеуметтік аз қамтылған аналарға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде жүзеге асырылады.