$ 501.49  525.71  5.77

Педофил зорламақ болған: Маскадағы жігіт үш баласы бар жалғызбасты анаға үй сыйлады (ВИДЕО)

Ол неліктен балаларымен бірге такси болып жүргенін түсіндіріп берді.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Маскалы жігіт кішкентай балаларымен бірге таксист болып жүрген әйелге баспана сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  

Кәсіп ашуға жететін қаражат пен үйдің иесі атанған Айжарқын – жалғызбасты ана. Оның кәмелеттік жасқа толмаған үш баласы бар. Жалға көлік алып, такси болып нәпақасын тауып жүрген жерінен жуырда ол ауыр жол апатына түсіп қлаған еді. Салондағы қызы ауыр жарақат алды. Жалғызбасты ана үй жалдап тұрған.

«Жақында жалға алған көлікпен такси болып, ақша тауып жүрген жерімнен жол апатына түстім. Соққы болған сәтте терезеден ұшып кеттім. Арамызда үлкен қызым қатты зардап шекті. Қолы, аяғы сынып, басы жарылды», — дейді жалғызбасты ана.

Сөзін жалғай отырып, неліктен балаларымен бірге такси болып жүргенін түсіндіріп берді.

«2024 жылдың сәуір айында көршім мас күйде үлкен қызымды зорлай жаздады. Содан кейін қыздарымды біреуге қалдырудан қорқамын. Арманым – өзімнің азық-түлік сататын дүкенімді ашсам деймін. Төрт күн болды намаз оқығаныма. Әсіресе кеше кешке түсініксіз бір сезімде болдым», — дейді Айжарқын.

Осыдан кейін маскадағы беймәлім жігіт жол апатынан кейін өзінің, балаларының емделуіне, жекеменшік дүкенін ашуға жететін қаражат пен баспана сыйлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары