28.02.2025, 16:40

Ақтөбеде оқушының денесі табылды

Фото: caravan

Аталған іске қатысты тергеу жүріп жатыр.

Бүгін сағат 7:30 шамасында Ақтөбе қаласы Маресьев көшесіндегі үйдің ауласынан кәмелетке толмағанның мәйіті табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

— Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы мәйітте зорлықпен өлтіру белгілері жоқ екенін анықтады. Баланың қайтыс болу себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық ветеринария басқарасының басшысы Айбек Сембайдың айтуынша, ит қапты деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

— Қазіргі кезде тексеру жүріп жатыр. Баланың денесінде қандай да бір із, тістің басқаны белгісі жоқ, - деді Айбек Сембай.

Полиция да иттің қапқанын жоққа шығарды. Киімінде еш із болмаған.