Оқиғаны Ақтөбе облыстық Полиция департаменті растады.
28 ақпан күні Хромтаудағы «Болашақ» шахтасында апат болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жарылыс Дөң тау-кен байыту комбинатының «Болашақ» кенішінде болған.
Денелерін күйік шалған төрт қызметкер ауруханаға жеткізілді. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Шахтада өндіру бойынша жұмыстар мән-жайлар анықталғанға және оқиғаның себептері жойылғанға дейін тоқтатылды, - делінген мәліметте.
Оқиғаны Ақтөбе облыстық Полиция департаменті растады. Сотқа дейінгі тергеу басталды.