$ 499.11  521.12  5.58

Оқушылардың ChatGPT-ді пайдалануын шектеу керек — Дәулет Мұқаев (ВИДЕО)

Ол мектеп жасындағы балаларға жасанды интеллектті пайдалануға белгілі бір шектеулер енгізу қажет екенін атап өтті.

Фото: respublika.kz.media
Фото: respublika.kz.media

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жасанды интеллект туралы заңды талқылау барысында оның мектеп оқушылары арасында қолданылуын шектеу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Технологияның дамуы жақсы, бірақ уақыт өте келе бұл процесс ми қызметінің әлсіреуіне, ойлау қабілетінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Қазірдің өзінде оқушылар тапсырмаларды өз бетімен орындаудың орнына, ChatGPT-ге жүгініп, дайын жауаппен шектеліп отыр, — деді депутат.

Ол мектеп жасындағы балаларға жасанды интеллектті пайдалануға белгілі бір шектеулер енгізу қажет екенін атап өтті.

Егер біз қазірден бастап шектеу қоймасақ, бүгінгі оқушылар ертең студент атанып, кейін еңбек нарығына шыққанда, оның зардабын 20 жылдан кейін сезінуіміз мүмкін. Бұл – еліміз үшін үлкен қауіптің бірі, — деп ескертті Мұқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары