03.03.2025, 17:20

Ақтауда көлікті мас күйде айдаған шенеунік әкім орынбасары болып тағайындалды

Фото: instagram.com/aktau_akimdigi

Ол 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, оған қатаң сөгіс жарияланды.

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып Әсет Шопанов тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қала әкімдігі әлеуметтік желідегі парақшасында Әсет Шопановтың орынбасар болғанын жариялады.

Бұған дейін Әсет Шопанов көлікті мас күйінде басқарғаны үшін сотталған еді. Ол 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, оған қатаң сөгіс жарияланды.

Ол кезде Шопанов Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы еді.

Жыл басында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Тілек Қошмағанбетов тағайындалды. 2022 жылы шенеунік күзетшіні соққыға жыққан жанжалды видеодан кейін қызметінен кеткен.