$ 499.11  521.12  5.58

Басшылық артық уақыт, қосымша жұмыс үшін қандай төлем беру керек? – сарапшы түсіндіріп берді

Үстеме жұмыс айына 12 сағаттан, ал жылына 120 сағаттан аспауы керек.

Фото: canva
Фото: canva

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің бас сарапшысы Бибарыс Тәңірбергенұлы жұмыс уақыты қалай реттелеп, үстеме жұмысқа ақы қалай төленетінін түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚР Еңбек кодексінің 68-бабына сәйкес жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс. Еңбек кодексінің 79-бабына сәйкес жұмыс беруші қызметкердің нақты жұмыс істеген уақытының есебін жүргізуге міндетті. Жұмыскер жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақыт есепке алынуға тиіс. Бұл ретте үстеме жұмыс уақыты, түнгі уақыттағы жұмыс, демалыс, мереке күндері, іссапар күндері бөлек ескеріледі, - деді ол.

Еңбек кодексінің 78-бабына сәйкес үстеме жұмыс тәулігіне 2 сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда 1 сағаттан аспауға тиіс.

Үстеме жұмыс айына 12 сағаттан, ал жылына 120 сағаттан аспауы керек.

Бұл сағаттар жұмыскерге жоғары мөлшерлеме бойынша төленеді. Еңбек кодексінде ең төмен мөлшерлеме белгіленген жұмыскердің күнделікті немесе сағаттық мөлшерлемесінің 1,5 мөлшері. Еңбекке ақы төлеу кезінде осы жұмыс үшін қосымша ақы жұмыскердің белгіленген тәуліктік, сағаттық мөлшерлемесінің 50 пайызынан төмен емес мөлшерде жүргізіледі. Тараптардың келісімі бойынша үстеме жұмыс үшін 1 сағаттан артық жұмыс үшін кемінде 1 сағат демалу есебінен демалыс сағаттарын беруге болады, - деп түсіндірді Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің бас сарапшысы Бибарыс Тәңірбергенұлы.

Жұмыс берушінің жұмыс уақытының қалыпты және қысқартылған ұзақтығын, күнделікті жұмыс ауысымын заңсыз асыруы, сондай-ақ үстеме жұмыс ақысын төлеу кезіндегі заңнама талаптарын бұзуы әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Еңбек құқықтары бұзылған жағдайда жұмыскерлер, сондай-ақ олардың өкілдері сенімхат бойынша e-otinish платформасы арқылы аумақтық еңбек инспекциясы бөлімшесіне жүгіне алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары