Қала тұрғындары – 12 795 502.
Ұлттық статистика бюросы халық саны туралы жаңартылған мәліметтер ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Статистикалық деректерге сәйкес, 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ел халқының саны 20 300 618 адамға жетті, оның ішінде:
Қала тұрғындары – 12 795 502; Ауыл тұрғындары – 7 505 116.Айта кету керек, бір ай ішінде Қазақстан халқы 14 534 адамға көбейді.
Сондай-ақ елдегі әйелдер саны ерлерден 462 136 адамға көп екеніне назар аударған жөн:
Әйелдер – 10 381 377; Ерлер – 9 919 241.Халқы ең тығыз орналасқан аймақтар әлі де Алматы және Түркістан облысы болып қала береді: онда сәйкесінше 2 297 491 және 2 154 144 адам тұрады.
Өз кезегінде Астана қаласында 1 536 924 адам өмір сүреді. Қазақстанның үшінші ірі қаласы – Шымкент халқы 1 258 878 адамға жеткен.
Айта кетейік, 2024 жылдың 1 желтоқсанына қарай Қазақстан халқының саны 20 265 320 адамды құраған болатын. Ал 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай бұл көрсеткіш 20 286 084 адамға жетті.