Арғын Нығматулинге қатысты істі Бас прокуратура тергеп жатыр.
Кеше, 3 наурыз күні Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің 69 жастағы ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланған болатын. Бүгін Бас прокуратура ол қандай іс бойынша күдікке ілінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Дереккөзге сүйенсек, Арғын Нығматулинге қатысты істі Бас прокуратура тергеп жатыр. Және Арғын Нығматулиннен басқа бұл істе тағы бірнеше күдікті бар тәрізді.
«Бас прокуратура Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыруға күдікті Арғын Ниғматулин мен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу аясында Арғын Ниғматулин күдікті деп танылды, соттың санкциясымен оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүргеніне байланысты іздеуге жарияланды», - деп хабарлады прокуратура.