$ 496.71  531.33  5.55

«Миымыз айналып, ұмытып кеттік»: Ақберен Елгезек «Болмаған балалық шақ» фильмі үшін елден кешірім сұрады

Әсіресе балаларымен барып, көріп жатқан ата-аналар фильмге дән разы. 

Фото: adyrna.kz
Фото: adyrna.kz

Белгілі ақын Ақберен Елгезек өзінің "Болмаған балалық шақ" туындысын кинотуынды ретінде ұсынған режиссер туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Аллаға сансыз шүкір, байтақ Отанымыздың барлық қалаларында, барлық кинотеатрларында “Болмаған балалық шақ” фильмі аншлагпен өтіп жатыр. Әсіресе балаларымен барып, көріп жатқан ата-аналар фильмге дән разы. Жекеме “балаларымыздың бізге деген қарым-қатынасы күрт өзгерді, қадырымызды біліп, күндіз-түні асты-үстімізге түсіп, сыйлап жатыр” деп күліп жазып жіберіп отыр.

Расында бұл фильм ата-ананың қадырын ұғындыратын, туыс-бауырдың бағасын арттыратын тәрбиелік мәні зор кинотуынды. Артық сахна, былапыт сөз жоқ жұп-жұмыр дүние жасап берген режиссер Айдын Сахаманға тоқтамай алғыс айтумен жүрмін. Үш қалада (Астана, Алматы, Шымкент) премьерасы керемет өтті. Қолдап келген баршаңызға Алла разы болсын, жолын ашсын, жүрегін нұрландырсын деп тілеймін. Миымыз айналып, премьераға шақыруды ұмытып кеткен ағайыннан кешірім сұраймын, айып етпеңіздерші", - деп жазды ақын.

Қалай болғанда да бұл кино – қазақтың санасына әсер етіп, жүрегін жұмсартуға, жетімдікті көрген һәм көріп жүрген адамдарды жұбатуға арналған фильм. Қолымыздан келгенше сол мақсаттың орындалуына еңбек еттік. Бағасын мәртебелі көрермен береді. Беріп те жатыр. Бәрін оқып отырмын, қатты ризамын. 

"Баршаңызды “Болмаған балалық шақ” фильмін көруге шақырамын, барып көріңіздерші. Туған-туыс, көрші-қолаң, құда-жекжат, дос-бауыр, әріптес, сыныптас, курстас, сырлас адамдарыңызға айта жүріңіз. 

Қолдаған әр адамға Алла екі дүниенің бақытын сыйлап, таусылмас, көл-көсір нығметтеріне, шексіз Махаббаты пен Мейіріміне бөлесін деп дұға етемін. Осы постымды бөліскен әр адамның қолына Алладан мәңгілік береке төгіліп тұрсын деп тілеймін», — деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 46
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары