Хатта Украинаның мүмкіндігінше тезірек келіссөз үстеліне отыруға дайын екендігі айтылған.
АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресте сөйлеген сөзінде Украина президенті Владимир Зеленскийден Вашингтон мен Киев арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге күш салу туралы хат алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы The Hill басылымына сілтеме жасап.
— Хатта Украинаның мүмкіндігінше тезірек келіссөз үстеліне отыруға дайын екендігі айтылған. Осы хатты жібергені үшін мен оған ризамын. Мен оны жаңа ғана алдым, — деді Дональд Трамп.