Шараға 5 мыңнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.
22 наурыз күні Каспий жағалауында қазақ халқының ұлттық киімі мен салт-дәстүрін әлемге танытатын «Kazakh Record» фестивалі өтеді. Осылайша маңғыстаулықтар әлемнің Гиннес рекордтар кітабына енуді көздеп отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Маңғыстау облысының әкімдігінің ақпаратынша, қазақтың ұлттық киімін Гиннес кітабына тіркеу үшін халықаралық комиссия мүшелері арнайы Ақтауға келеді. Шараға 5 мыңнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.
Мегафестивальға қатысу шарттары:
«Kazakh Record» фестивалі қазақтың ұлттық киімін, оның бай мәдениетін және тарихи мұрасын насихаттауды көздейді. Ұлттық құндылықтарды дәріптеумен қатар, бұл шара жастардың патриоттық рухын оятып, қазақи салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді.