Белгілі болғандай, ол психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған.
Астанада мектептің қасында жалаңаш жүгіріп жүрген ер адамды байқаған. Полиция қызметкерлері оны жедел түрде ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Белгілі болғандай, ол психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған. Оқиға 2025 жылдың 7 наурызында елордалық №5 гимназияның жанында болған.
Ер адам полиция бөліміне жеткізіліп, психикалық денсаулық орталығының қызметкерлеріне тапсырылды, – деп мәлімдеді Астана ПД баспасөз қызметі.