$ 494.84  537.4  5.58

Бүгін – қазақ киносының анасы Әмина Өмірзақованың туған күні

1968 жылы Шәкен Аймановтың "Тақиялы періште" комедиялық фильмі жарық көрді.

Фото: фильмнен скрин
Фото: фильмнен скрин

Бүгін – театр әртісі, қазақ киносының анасы Әмина Өмірзақованың туған күні, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әмина Өмірзақова 1919 жылы 8 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қараауыл ауылында туған. Кеңес және қазақстандық кино және театр актрисасы. Қазақ КСР-нің Халық әртісі, Қазақ КСР – нің Мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақ кино және театр өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған дарынды артист.

Алғашқы түскен фильмдері "Комсомольск", "Амангелді", "Алыптың әні", "Ақ раушан". Десе де оны танымал еткен алғашқы үлкен рөл - 1945 жылғы "Абай өлеңдері" фильміндегі Ажардың рөлі. 1964 жылы Анатолий Карповтың "Ана туралы жыр" фильмі экран бетіне шықты. Фильм көпшіліктің көңілінен шығып, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығын жеңіп алды, ал Әмина Өмірзақова 1964 жылғы Жалпыкеңестік кинофестивальде "ең жақсы әйел рөлі" сыйлығын, К. Байсейітова атындағы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығын жеңіп алды.

1968 жылы Шәкен Аймановтың "Тақиялы періште" комедиялық фильмі жарық көрді. Картина бүкіл Кеңес Одағындағы кинотеатрларында көрсетілді. Соның арқасында оны бүкіл ел таныды. "Тақиялы періштеден" соң оншақты фильмдерде түсті. Соның ішіндегі ең ерекшесі - "Мама Роза" картинасы. Ойнаған рөлі үшін "Шоқжұлдыз" кинофестивальінің лауреаты атанды. 1996 жылы ұлының бастама фильмі "Әминада" өз-өзін сомдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары