Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Ішкі істер министрлігі Алматы әуежайындағы адамдарды кепілге алған ер адамның әрекетіне қатысты алғаш рет түсініктеме берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қолына пышақ ұстаған ер адам әуежай қызметкерін кепілге алып, сөмкесінде бомба барын айтып, жолаушыларды қорқытқан.
Болған жағдайға қатысты үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалды:
Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиғаны жан-жақты зерттеу үшін жедел-тергеу тобы құрылды.
Күдіктіге қатысты екі айға қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасы тағайындалды.