$ 488.53  531.91  5.68

Талдықорған маңындағы зиратты су басты (ВИДЕО)

Өтенай ауылдық округінің әкімдігі шұғыл шаралар қабылдап, бейіт басында еріген қар суының алдын алу жұмыстарын жүргізген.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

9 наурызда Талдықорған маңындағы Еңбек ауылының тұрғындары мұсылман зираты аумағының су астында қалғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Талдықорған қаласы әкімдігі Instagram желісінде Еңбек ауылы маңындағы мұсылмандар бейітіне жайылған еріген қар суының алдын алу жұмыстары туралы пікір білдірді.

Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, Өтенай ауылдық округінің әкімдігі шұғыл шаралар қабылдап, бейіт басында еріген қар суының алдын алу жұмыстарын жүргізген.

Округ әкімі Руслан Малтаевтың мәліметінше, 8 наурызда бейіт басынан 14:00-ден бастап қар суын сорып алу жұмыстары жүргізіліп, оған арнайы 2 техника және 8 адам жұмылдырылып, 150 метрге жуық арық арнасы қазылды. Қазір еріген қар суының 97 пайызы бейіт басынан сорылып, алынып шығарылды. Аталмыш жағдай округ әкімдігінің бақылауында екені хабарланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары