11.03.2025, 11:30

Су тасқыны қаупі жоғары аймақтар анықталды

Фото: Pixabay

Наурыз-сәуір айларында ауа температурасы әдеттегіден жылы болады, ал елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері көп түседі.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында көктемгі ауа райы болжамының жаңа мәліметтерін ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министрдің айтуынша, наурыз-сәуір айларында ауа температурасы әдеттегіден жылы болады, ал елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері көп түседі.

Су тасқыны қаупі жоғары аймақтар: Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Абай облыстары

Қауіптілігі орташа өңірлер: Алматы, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары

Тасқын қаупі төмен өңірлер:  Павлодар, Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстары.