12.03.2025, 04:30

«Бесіншісі – арам»: Астананың бас имамы неше әйелі бар екенін айтты (ВИДЕО)

Енді әділдік жасау деген қиынның қиыны.

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов қанша әйелі бар екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Шариғи тұрғыда Құранның мәтінімен алар болсақ, бұл – Алла Тағаланың рұқсат берген ісі, жалпы ер адамның төрт әйел ала алуы. Ол мәтіннің жалғасында егер әділдік жасай алмасаңыздар, біреуі жақсы, дейді. Енді әділдік жасау деген қиынның қиыны. Маған да «қанша әйеліңіз бар?» деген сұрақ қойылады. Сонда былай деймін: «Аллаға шүкір, төрт әйелге татитын бір әйелім бар. Ал бесіншісі – арам», - деп жауап берді Астана қаласының бас имамы.