25 жасымда ажырастым.
Белгілі қазақстандық блогер Құлпынай Калменова «Менің жасым» трендін түсіріп, жұртты күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Менің жасым 25-те, үйдің үлкенімін. Бір ұлым бар. 20 жасымда тұрмысқа шығып, 25 жасымда ажырастым. Ажырасуым Қазақстанға керемет таралып кетті. Бүгінге дейін бірнеше бизнес аштым, бірақ бәрі соңында онша емес болып, жабылып қалатын.
Менің жасым 25-те. Мен әлі күнге дейін шетелге шықпағанмын. Өзімнің үйім немесе көлігім жоқ», - деді ол.
Алайда блогердің бұл әрекетіне желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып, пікірлер екіге жарылған.