12.03.2025, 19:00

Кәрім Мәсімовтың зәулім сарайы қайта сатылымға қойылды

Фото: e-auction.e-qazyna.kz

Зәулім үйді сату үшін аукцион ұйымдастырылады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі зәулім үй тағы сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

- Аукцион аясында Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел шағын ауданы, Ерейментау көшесі, 1-құрылыс мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үй сатылымға қойылады. Нысан барлық қатысушы үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ашық және бәсекеге қабілетті шарттарда жүзеге асырылады, - деп жазылған компанияның ресми сайтында.

Айта кетсек, биыл 10 ақпанда Кәрім Мәсімовтің Астанадағы сарайы 1,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылған еді.