Сондай-ақ, тағы үш адам зардап шеккен.
Сәрсенбі, 12 наурызда Маңғыстау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған екі бала қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде жол апаты орнынан түсірілген кадрлар пайда болды.
Кадрлардан жолдан шығып кетіп, аударылып қалған көлікті байқауға болады.
Зардап шеккендерге көмекке сол маңдағы өзге көлік иелері келіп, аударылған көліктен адамдарды алып шыққан.
Әлеуметтік желілерде жария болған ақпаратқа сенсек, жол апаты Жаңаөзен тас жолында болған.
Маңғыстау облыстық жедел әрі шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі оқиғаның 12 наурызда кешкісін болғанын хабарлады.
"Оқиға салдарынан бес адам зардап шекті, оның екеуі — балалар. Кәмелетке толмаған балалар аурухананың қабылдау бөлмесінде қайтыс болды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Облыстық полиция департаменті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.