15.03.2025, 00:30

Қарағанды облысында полиция қызметкері қаза тапты

Фото: ІІМ

Полицей оқу-жаттығу кезінде көз жұмған.

Қайғылы оқиға жайлы ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде болған жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкері А.Әлиевтің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", – деді министр.