$ 500.32  545.3  6

Шымбұлақта қар көшіп, бір адам қаза тапты

Шаңғымен төмен қарай сырғанап бара жатып олар еңісті кесіп, қар көшкінін туғызған

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Комсомол шыңы аймағында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Талғар асуында Шымбұлақ тау-шаңғы курортынан 1 шақырым жердегі тыйым салынған жерде үш адам шаңғы теуіп жүрген, - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Шаңғымен төмен қарай сырғанап бара жатып олар еңісті кесіп, қар көшкінін туғызған. Нәтижесінде үшеуі де үйінді астында қалған. Зардап шеккендердің екеуі өз бетімен қардан шыға алса, үшіншісін Шымбұлақтың құтқарушылары көшкін астынан алып шықты. Қаза тапқандардың жеке басы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары