18.03.2025, 06:30

«Екеумізді ұқсатады»: Мұхамеджан Тазабек желіні шулатқан әңгімеге қатысты ойын айтты (ВИДЕО)

Фото: коллаж Sn.kz

Қазір айтылған әңгіменің бәрін бұрмалап алатын заман болды ғой.

Әлеуметтік желіде блогер Жанәділ Райымбековтың жұмақты 700 мың теңгеге сатып алуға болады деген пікірі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Осыған қатысты айтыскер ақын, тәлімгер Мұхамеджан Тазабеков пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Жұмақты сатып алуға болады деген сөздің маған қатысы жоқ. Жанәділ бауырымыздың түрі маған ұқсайды, соған байланысты айтылып жатқан шығар. Жалпы енді сөзді бұрмалап түсіндіру қазіргі уақыттағы ең үлкен тақырып қой. Негізі осыған қатысты бір әңгімені қозғауға болады.

Мен енді қоғамда әртүрлі адамдармен араласам ғой, байы бар, кедейі бар, шенеунігі бар, қарапайым адамы бар, солардың ортасында жүрген кезде бірнәрсеге қатты қайран қалам. Жалпы бізде сыни ойлау, өз пікірімен жүру деген нәрсе 100 адамнан үшеу шығар, негізі. Ол адамзат жаратылғалы бері солай ғой негізі. Ол бір қазақтың немесе француздың басындағы жағдай емес, жалпы адамзаттың проблемасы. Жалпы адаммен адам байланысқан жерде міндетті түрде бір біріне әсер етеді. Сондықтан адамдарға ренжудің қажеті жоқ», - деді ол.