$ 503.42  542.08  6

«Кептелісті азайтамыз»: Астанада қызметкерлердің жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін

Астана әкімінің орынбасары мәслихат отырысында осындай мәселе қаралып жатқанын айтты.

Фото: azh.kz
Фото: azh.kz

Астанада жұмыс кестесі қайта қаралып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Астана әкімінің орынбасары мәслихат отырысында осындай мәселе қаралып жатқанын айтты.

Елорда әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев бастамалар қаланың жол жүктемесін азайту және көлік кептелісін шешу мақсатында қолға алынып отырғанын жеткізді. 

Бүгінгі таңда біз қарастырып жатқан мәселелердің бірі – жұмыс уақытын ауыстыру. 2018 жылдан бастап әкімдік жұмыс уақыты 08:30-ға өзгертілген. Біз осы бастамамен үкімет деңгейінде ұсыныс енгіземіз. Орталық атқарушы органдардың жұмыс бастау уақытын ауыстыру мәселесін қарастырамыз. Бұл жарты сағат немесе бір сағатқа өзгеруі мүмкін, бұл мәселе әлі де білім беру және денсаулық сақтау мекемелерімен талқыланбақ. Мұндай өзгеріс көлік ағынын реттеуге көмектеседі, – деді Ерсін Өтебаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары