$ 500.32  545.3  6

Ақтөбе облысында Жем өзені арқылы өтетін көпірдің маңайын су басты (ВИДЕО)

Оқиға орнына 7 арнайы техника мен 15 маман жұмылдырылды.

ҚазАвтоЖол Ақтөбе облысында айналма жолда су тасқыны тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

- 18 наурыз таңғы 07:00 шамасында «Қандыағаш - Ембі - Шалқар – Ырғыз» республикалық автожолының 92 шақырымындағы Жем көпірі маңындағы айналма жолда су тасқыны тіркелді. Тасқынның ұзындығы – 100 метр, ал биіктігі – 50 см. Су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпір арқылы барлық көліктің қозғалысына шектеу қойылды, - делінген хабарламада.

Жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс ашық.

Оқиға орнына 7 арнайы техника мен 15 маман жұмылдырылды.

Жол қызметінің мамандары тәулік бойы мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары