$ 496.41  542.77  6.05

Алматы тұрғыны ChatGPT көмегімен сотта жеңіске жетті

Кенжебек Исмаилов сот процесінде ChatGPT қосымшасының көмегімен  жол жүру ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлдың заңсыз екенін дәлелдеп, азаматтық құқығын қорғап шықты. 

фото: qamqorgov.kz
фото: qamqorgov.kz

23 жастағы Алматы тұрғыны Исмаилов заңсыз салынған айыппұлды жойып, азаматтық сотқа жүгіну арқылы өтемақы талап етуде, деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.

Исмаилов желтоқсан айында жеңілдікпен 5800 теңге айыппұл төлеген. Кейін qamqorgov сайтынан бейнебақылау жазбаларынан оған заңсыз айыппұл салынғанын байқап, Алматы полиция департаментіне шағым түсіргенін желідегі парақшасына жариялаған.

"Желтоқсан айында маған заңсыз айыппұл салынды. Оны  жеңілдікпен төледім бірақ бейнежазбаны алғаннан кейін Алматы полиция департаментіне шағым түсірдім. Алайда олар шағымымды қабылдамады", – деп жазды Кенжебек Исмаилов.

Полиция департаментінің жауабына қанағаттанбаған азамат, сотқа арыз беру және басқа да құжаттарды ChatGPT көмегімен дайындап, арыз берді. Сот Исмаиловтың пайдасына шығарған. Ендігі кезекте азаматтық құқығын қорғауды талап етіп, өтемақы алу бойынша сотқа арыз тастаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары