$ 504.44  545.65  5.95

Экс-министр Марат Бекетаевтың ісі сотқа жіберілді

Айта кетсек, бұрынғы министр Марат Бекетаев 1,5 жылдай қамауда отырды.

Фото: © Sputnik / Болат Шайхинов
Фото: © Sputnik / Болат Шайхинов

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаровтың сөзінше, іс 3 наурызда сотқа жіберілген. 

“Әділет экс-министрі Марат Бекетаев және басқа адамдарға қатысты алаяқтық, аса ірі көлемде ұрлау, кәсіпкерлікке қызметкезаңсыз араласу фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады. 2025 жылдың 3 наурызында қылмыстық іс сотқа жіберілді”, – деді Бигайдаров. 

Айта кетсек, бұрынғы министр Марат Бекетаев 1,5 жылдай қамауда отырды.

Еске сала кетейік, бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 2023 жылы қазанда лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары