Жиын-тойлардағы даңғазалық, ысырапшылдық - Ұлттық құрылтайда қозғалған мәселелердің бірі.
Аманжол Әлтай тойдағы әдепсіздік жайлы мәселені қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жиын-тойлардағы даңғазалық, ысырапшылдық - Ұлттық құрылтайда қозғалған мәселелердің бірі. Әрине біз біреудің қазан-ошағына, жеке шаңырағындағы қуанышына араласпаймыз. Дей тұрғанмен, әлеуметтік желілерден жеке тойларда асабалардың аузына келгенін айтатынын, мәдениеттің жоқтығын, бейәдеп көріністердің кең алып бара жатқанын байқап отырмыз. Бұл бір қарағанда жеке үйдің ұсақ мәселесі болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл қоғамдық мәдениетті, ұлттық мәдениетімізді, интеллектуалды ұлт болып қалыптасуымызға теріс әсер ететін жағдайлар, - деді депутат.
Аманжол Әлтай айтып өткендей, Бурабайдағы құрылтайда еліміздің ұлттық идеология мәселесіне назар аударылды. Оның сөзінше, біртұтас идеологиялық ұстаным қалыптасуы керегі көтерілді.