$ 501.81  541.5  5.96

Қазақмыста тағы бір кенші қаза тапты

Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр, жазатайым оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

«Қазақмыс» компаниялар Тобы өндірісте жазатайым оқиға болып, кенші қаза тапқанын хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

— «Қазақмыс» компаниялар Тобы 2025 жылдың 19 наурызында Ұлытау облысында орналасқан Шығыс-Жезқазған кенішінде жазатайым оқиға орын алғаны туралы қайғыра хабарлайды. № 57 шахтада тауарлық-материалдық құндылықтарды түсіру кезінде 1994 жылғы жұмысшы жүк оқпаны алаңындағы саңылауға құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды, — делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр, жазатайым оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен ұжымы марқұмның жақын туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Қаза тапқан жұмыскердің отбасына ұжымдық шартта қарастырылған барлық қажетті көмек көрсетіледі, оның ішіне жерлеу шығындары да кіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары