$ 502.83  545.37  5.95

Аязды күндер қайта оралады: Еліміз бойынша бүгінге арналған ауа райы болжамы

Болжамға сәйкес, еліміздің батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы бейсенбіде, 2025 жылдың 20 наурызында елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Болжамға сәйкес, еліміздің батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, Қазақстанның орталығында атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты  жаңбыр жауады", - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Сондай-ақ, республикамыздың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында желдің күшеюі, солтүстігінде көктайғақ сипатындағы табиғи құбылыстар күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер 2025 жылы 20-22 наурыз аралығында Қазақстанға тағы да аязды күндер қайта оралатынын ескерткен.  

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 14
Ұнамайды 28
Күлкілі 8
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары