Ел аумағындағы өзен деңгейлерінің күрт көтерілуі күтіледі.
Ертең, 21 наурызда Қазақстанның біршама бөлігінде күн күрт бұзылып, жауын жаууы ықтимал, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша жауын-шашынсыз ауа райы еліміздің оңтүстік-шығысында ғана күтіледі.
"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: жауын-шашын (жаңбыр мен қар) болады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстік өңірде көктайғақ түрінде ортақ табиғи құбылыстар көрінісі күтіледі", деп болжанады.
Ал гидрологиялық болжамға келетін болсақ, алдағы тәулікте оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы өзендерінде температуралық фонның жоғарылауына байланысты су деңгейінің ауытқуы байқалады.
"Шығыс өзендері мен жазықтарында жауын-шашын мен ауа температурасының жоғарылауына байланысты қардың қарқынды еруі, қызыл судың қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі", - деп толықтырады "Қазгидромет" РМК.