$ 503.42  542.08  6

Ақтөбеде жас ана екі баласын өлтірді деген күдікке ілікті (ВИДЕО)

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Қылмыстық оқиға Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында тіркелді. Полиция екі баланың мерт болғанын анықтады. Алдын ала белгілі болғаны, босанған ана күйзеліске ұшыраған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

— Олардың өліміне күдікті ретінде анасы, Атырау облысының тұрғыны ұсталды. Әйел босанғаннан кейін күйзелісте болған. Қылмыстық іс қозғалып, әйел уақытша тергеу изоляторына қамалды. Тергеу полиция бастығының бақылауында, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Балалар 3 жаста және 11 айлық болған. Әйелдің Атыраудан Қандыағашқа қонаққа келгені белгілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары