24.03.2025, 02:30

«Ұят емес пе?!»: Елордалық қария наурыз көженің сатылып жатқанына ашуланды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Қазақстар мал боп кеткен бе?

Астанада мереке кезінде ақсақал Наурыз көженің тегін таратылмай, сатылып жатқанына ашуланып, ұрысып тастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде Наурыз көжені сатып жүргендерге ашуланған қарттың видеосы тарады.

“Ұят емес пе?! Қазақстанның халқы мал болып кеткен бе? Кім мынаны саудаға айналдыр деп айтты? Бұл наурыз емес пе”, – деді ашынған қария.

Ақсақалдың бұл сөзін қолдағандардың қарасы көп. 

“Келісемін, не салт-дәстүр бойынша дайындап елге тарат, болмаса мүлдем жасамай-ақ қой”, “Қарияларға тегін таратса да болар еді”, “Қарағандыдағы супермаркетте кофе, шай, бауырсақ, жеміс-жидек пен кәмпиттерді тегін таратты”, “Ақсақалдікі жөн, надан болып кеттік”, “Дәстүрді кәсіпке айналдырып алған”, “Бірақ тегін таратса халық жабайыланып кетеді”,  – деп жазды желідегілер.