24.03.2025, 04:30

«Қазақ қызға қой көтертпеген»: Бүлдіршін қыздарға қой көтертіп жарыстырғандар сынға ұшырады (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Әлі буыны да қатпаған ғой.

Наурыз мерекесіне қарсаңында бүлдіршіндер арасында конкурс ұйымдастырғандар көпшіліктің сынына ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбада бүлдіршін қыз баланың қозы көтеріп, өзге қатарластарымен сынға түскенін байқауға болады. Кішкентай қыздың жанында бірнеше ер адам, қолдау білдіріп, оның көбірек көтеруіне сеп болып жатыр.  Алайда, жарыс ұйымдастырушылары кішкентай қыз балаға ауыр көтерткені үшін жұрттың ашуын тудырды.

«Әлі буыны да қатпаған ғой», «Белі ауырады ғой, олай көтермеу керек өсіп жатқан бала ғой», «Бұл дұрыс емес. Қазақ қызға қой көтертпеген. Беліне зақым келуі мүмкін, буыны қатпаған бала», - деп жазды желі қолданушылары.