Оның сөзіне қарағанда, БҚО-да Бөкей Орда ауданында ұшақ сынақ полигондары бар.
Қорғаныс министрлігі БҚО-да құлаған дрон туралы пікір білдірді Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев БҚО-да құлаған дронға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
БҚО-дағы ұшқышсыз ұшатын аппараттар бойынша барлық құзыретті орган тергеу жүргізіп жатыр. Тергеуден Қорғаныс министрлігі де айналысып жатыр. Әуе қорғанысымыз әрқашан біздің бақылауымызда. Тергеудің қорытындысы бойынша қажет болса, қосымша іс-шара қабылдаймыз, - деп айтты ол.
Оның сөзіне қарағанда, БҚО-да Бөкей Орда ауданында ұшақ сынақ полигондары бар.
Ол полигонның әуе кеңістігі бар. Тергеу аяқталғанша, нақты себебін айта алмаймыз. Халықты алаңдамауға шақырамын. Ұшқышсыз ұшу аппаратының нақты неліктен құлағанын тергеу нәтижесі бойынша белгілі болады. Тергеумен ресми құқығы бар, оның ішінде Қорғаныс министрлігі де айналысып жатыр, - деп айтты Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев.