$ 503.42  542.08  6

Алдағы күндері ел аумағында күн суытып, жаңбыр жауады

Тек республиканың оңтүстігіне, оңтүстік-шығысына циклон әсер етіп, бұл өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алдағы күндері елдің басым бөлігін қамтитын антициклон әсерінен жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың оңтүстігіне, оңтүстік-шығысына циклон әсер етіп, бұл өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады. Кейбір аудандарда тұман мен жел күшейеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Температуралық фон:

  • Елдің батысында негізгі температура түнде 5 аяз + 5 жылу, күндіз +10+18 жылы болады.
  • Солтүстік-батыста температураның негізгі фоны түнде 0-10 аяз, күндіз +7+15 жылы болады.
  • Солтүстікте температура түнде 0-10 аяз, күндіз +5+13 жылы болады.
  • Елдің орталығында түнде температураның 2-14 аяздан -7 аязға дейін +1 жылу, күндіз +5+10 жылы болып, +10+15 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
  • Шығыста түнгі температура 5-25-тен 0-15-ке дейін, күндіз 0-10-дан +5+15-ке дейін көтеріледі.
  • Оңтүстік аймақтарда түнде температура 5 аяз-5 жылы болып, күндіз +5+13 жылы болады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары