27.03.2025, 08:30

Алдағы күндері ел аумағында күн суытып, жаңбыр жауады

Фото: Pixabay

Тек республиканың оңтүстігіне, оңтүстік-шығысына циклон әсер етіп, бұл өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады.

Алдағы күндері елдің басым бөлігін қамтитын антициклон әсерінен жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың оңтүстігіне, оңтүстік-шығысына циклон әсер етіп, бұл өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады. Кейбір аудандарда тұман мен жел күшейеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Температуралық фон:

Елдің батысында негізгі температура түнде 5 аяз + 5 жылу, күндіз +10+18 жылы болады. Солтүстік-батыста температураның негізгі фоны түнде 0-10 аяз, күндіз +7+15 жылы болады. Солтүстікте температура түнде 0-10 аяз, күндіз +5+13 жылы болады. Елдің орталығында түнде температураның 2-14 аяздан -7 аязға дейін +1 жылу, күндіз +5+10 жылы болып, +10+15 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Шығыста түнгі температура 5-25-тен 0-15-ке дейін, күндіз 0-10-дан +5+15-ке дейін көтеріледі. Оңтүстік аймақтарда түнде температура 5 аяз-5 жылы болып, күндіз +5+13 жылы болады.